Хабарларға қарағанда, Ресей православ шіркеуінің патриархы Алексей 2-ші бүгін таңертең қаза болған. Бұл жөнінде Мәскеу патриархаты мәлімдеді. 79 жасар патриарх Мәскеу сыртындағы үйінде көз жұмған екен. Ол көптен бері жүрек ауруына шалдыққан. Алайда өлімнің нақты себептері айтылған жоқ. Алексей 2-ші православ шіркеуіне 1990 жылдан бері басшылық жасап келген еді.