Accessibility links

Президент Назарбаев үкіметті сынға алды


Қазақстанда сатып алынған тауарлар мен қызмет көрсетудегі ұлттық компаниялардың үлес-салмағын жоспарлы түрде өсіру керек.
Жұма күні шетелдік инвесторлар кеңесінің Алматыда болып өткен 20-сыншы мәжілісінде президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы шетелдік инвесторлардың іс-әрекетіндегі Қазақстанның үлесі 10-15 пайыздан аспайды. Бұл көрсеткіш, -деп мәлімдеді Н.Назарбаев, - ұлттық өндірушілердің әлеуетін аңғарта алмайды.
Мұндай ахуал қазақ мемлекетін, жер қойнауын игерушілерді және тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді қанағаттандыра алмайды.
Н.Назарбаевтың мәліметі бойынша, ұлттық жалпы ішкі өнімдегі Қазақстанның үлесі 30-32 пайызды құраса, Бразилия, Малайзия, Норвегия, Ұлыбританияда жергілікті елдің үлесі 50-ден 80 пайызға, ал Германияда тіпті 90 пайызға жетеді.
Президент үкіметтің осы бағытағы іс-қимылын да сынға алды.
XS
SM
MD
LG