Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласында 8 жастағы қыз-баланы ұрлап, оған 1 млн. теңге құн талап еткен топ ұсталды. Ол туралы “Қазақстан бүгін” агенттігіне Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.
Хабарға қарағанда, жүма күні Мұғалжар аудандық ішкі істер басқармасына Қандыағаш қаласында өзінің қызын ұрлағанын айтып 38 жастағы ана келді. Оның сөзіне қарағанда, қаскүнемдер 8 жастағы 3 сыныптың оқушысын беймәлім жаққа ұрлап алып кетіп, оған 1 млн. теңге құн талап еткен.
Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен қылмыстық полиция және арнаулы “Арлан” бөлімінің жауынгерлері 3 күдіктіні тұтқындап, қыз-баланы анасына тапсырды. Екеуі 1973 жылы, біреуі 1976 жылы туған 3 қаскүнем де Қандыағаштың тұрғындары болып шықты.