Accessibility links

ІІ-Алексийдің қазасы Медведевтің елге оралуына себеп болды


Сенбі күні Орыстың православие шіркеуінің жоғарғы басшылығы – Қасиетті синод Мәскеудің және бүкіл Ресейдің Патриархы ІІ-Алексийдің қайтыс болуына байланысты Патриархтың міндетін уақытша атқарушыны сайлайды. Сондай-ақ ІІ-Алексийді жерлеудің күні мен орнын белгілейді. Бүкіл әлемдегі ең үлкен Православие шіркеуіне 20 жылдай жетекші болған Патриарх ІІ-Алексий 79 жасында жұма күні дүниеден өтті. Марқұмның өз тілегі бойынша, ол Мәскеудегі Богоявленский шіркеуінде жерленуге тиіс. Марқұмммен қоштасу сенбі күні кешке Құтқарушы Христос храмында өтеді.
Ресей президенті Дмитрий Медведев Патриархтың қайтыс болуына байланысты шетелдік сапарын үзіп, Мәскеуге оралды. Үндістанға ресми сапарынан кейін ол Италияға баруға тиіс болатын. Медведев пен премьер-министрі Владимир Путин Патрирх ІІ-Алексийдің Совет Одағы ыдырағаннан кейінгі Ресейдегі маңызды рөлін атап көрсетті.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Ұлттық пантеон қажет пе?

XS
SM
MD
LG