Үндістанда 2 күдікті ұсталды. Оларға Мумбай қаласындағы террорлық шабуылды іске асырған содырлардың мобил телефондарына сим-карталарын берді деген күдік түсіп отыр.
Калькутта қалалық полициясының өкілі хабарлағандай, жұма күні олардың бірі Батыс Бенгалия штатында, екіншісі – Кашмир штатының Үндістанға қарайтын бөлігінде қолға түсті.
Ресми Дели 170-тен астам адамның қазасына себеп болған Мумбай қаласындағы террорлық қастандыққа Пәкістаннан келген ислам экстремистерінің қатысы бар деп айыптайды.