Accessibility links

Б.Обама соңғы 50 жылдағы ең зор жобаны іске асырмақ


Сенбі күні АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Барак Обама 2.5 млн. жұмыс орнын ашуды көздейтін жоспарының бір бөлігін жариялады. Радиодан өзінің апта сайын сөйлейтін сөзінде Обама Ақ үйдің жаңа әкімшілігі инфрақұрылымды дамытудың соңғы 50 жылдағы ең ауқымды жобасын жүзеге асыратынын мәлімдеді.
Оның ішінде билік мекемелеріндегі электр қуатының шығындарын күрт қысқарту, өте жылдам интернетке сапалы әрі кең мүмкіндік ашу, сондай-ақ мектеп ғимараттарын түгел жетілдіру көзделеді.
Жұма күні АҚШ-тың Еңбек министрлігі өткен қараша айында елде 530 мыңнан астам адамның жұмыссыз қалғанын хабарлады. Бұл соңғы 34 жылдағы ең үлкен көрсеткіш.
XS
SM
MD
LG