Accessibility links

Биыл қажылыққа 2 млн. астам адам келді


Қажылыққа келген 2 миллионнан астам мұсылман жексенбі күні Алладан рақымшылық тілеу үшін Арафат тауының маңайына жиналды. Жұрт күн батқанша Құдайға құлшылық етіп, одан кейін сайтанды бейнелейтін қабырғаға тас ату үшін Мұздалифаға қарай жылжиды.
Қажылық кезінде саясатпен айналысуға тыйым салынса да, Иранның діни қайраткері “Америка құрысын!”, “Израиль жойылсын!” деп үн көтерген топтың алдында сөз сөйледі.
Биыл қажылық әзірше ешқандай төтенше немесе қайғылы оқиғасыз жалғасты.
Саудия патшалығының ішкі істер министрлігі хабарлағандай, биыл қажылыққа бұрын соңды болмаған халық – 1 млн. 730 мыңдай адам шетелдерден келді.
XS
SM
MD
LG