Accessibility links

Греция үкіметі халықты тыныштыққа шақырды


Греция үкіметі екі күннен бері елде орын алып жатқан жаппай тәртіпсіздіктерден кейін халықты тыныштыққа шақырды. Полиция 15 жастағы бір жасөспірімді өлтірген соң сенбі күні Грецияда бейберекетсіздіктер басталып кеткен болатын. Афины мен Фессалоникиде және тағы басқа қалаларда жүздеген жас азаматтар полициямен қақтығысып, дүкендер мен банктерге шабуылдады, сондай-ақ, машиналарды өртеді. Бұл оқиғада 30-дан астам адам жарақат алып, кемінде 20 адам тұтқындалды. Ресмилердің айтуынша, әлгі баланың өліміне байланысты 2 полиция қызметкері айыпталып отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG