Дүйсенбі күні Қытай астанасында Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздануына байланысты жаңа 6 жақты келіссөздер басталды. Бейжіңде өтіп жатқан бұл келіссөздерге Солтүстік Корея, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ресей, Жапония және Қытай елдерінің ресмилері қатысуда. Олар ядролық бағдарламасына қатысты Пхеньянның есебін қалай растауға болатыны жөніндегі мәселені талқыламақшы. 2006 жылы ядролық сынақ жасаған Солтүстік Корея халықаралық көмектің есесіне өзінің ядролық реакторын жоюға келіскен болатын. Бірақ таяуда ресми Пхеньян халықаралық инспекторлардың Ионбионг ядролық зауытын тексерулеріне мұрсат етпейтінін хабарлады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты