Пәкістан күштері Мумбайдағы шабуылдың ең басты ұйымдастырушысы деп күдіктелген адамды қамауға алған. Атын атағысы келмеген ресмилердің айтуынша, даулы Кашмир аймағындағы Музаффарабад қаласында жүргізілген рейд барысында тұтқындалғандардың арасында Заки-ур-Рехман Лахви де бар. Ол тыйым салынған Лашкар-е-Таиба тобының бас қолбасшыларының бірі болуы мүмкін. Үндістан ресмилері 170-тен астам адамның өмірін қиған Мумбайдағы шабуылдарға байланысты осы Лашкар-е-Таиба тобын кінәлап отыр.