Accessibility links

Қазақстан-Ауғанстан үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтеді


ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаевтың мәліметінше, 13-желтоқсанда Кабул қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ауғанстан үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтеді. Аталған отырысқа Қазақстан тарапынан ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Еділ Мамытбеков бастаған делегация қатысады.

Отырыс барысында Қазақстанның астық және мұнай өнімдерін Ауғанстанға жеткізу, ҚР-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары мәселелері талқыланбақшы.

XS
SM
MD
LG