Accessibility links

Сенат комитетінде заң жобасы қаралды


ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
Ойын бизнесін мемлекет тарапынан реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген заң жобасы осы саладағы заңнамалардың орындалуын мемлекеттік бақылау түрлерін толықтыруға, ойын бизнесін ұйымдастырушылар қызметін тәртіпке келтіру және заңды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге орай құқықтық олқылықтарды реттеуге мүмкіндік береді. Заң жобасы бірінші оқылымда қарауға ұсынылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG