Accessibility links

Нобель сыйлығы иегері Обама әкімшілігінде жұмыс істеуі мүмкін


АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңадан сайланған президент Барак Обама Нобель сыйлығының иегері физик Стивен Чуды жаңа әкімшіліктегі энергетика министрі етіп тағайындамақшы. Чу балама және жаңа энергия көздеріне қатысты зерттеулер жүргізуді қолдайды. Барак Обама балама энергия көздерін дамыту және ғаламдық жылынуға қарсы күрес шаралары жаңа әкімшіліктің басты мақсаттарының бірі боп табылады деп бірнеше рет айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG