ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Тараз қалалық Ішкі істер департаментіне «Қаратау» ықшамауданындағы «Наурыз» балабақшасының ғимаратына жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат хабарланған.
Сондай-ақ, Шымкент қалалық ІІД-не қаладағы Тәуке хан даңғылында орналасқан «Мегацентр Шымкент» ғимаратына да жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскен.
Дабылды ақпараттар бойынша жасалған арнаулы тексерулер барысында жарылғыш заттар табылған жоқ.
Дабылды ақпараттар бойынша жасалған арнаулы тексерулер барысында жарылғыш заттар табылған жоқ.