Accessibility links

Гейтс АҚШ жауларын Обаманы тексермеуге шақырды


Бүгін АҚШ Қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс Құрама Штаттардың қарсыластары жаңа сайланған президент Обаманы тексерем десе қатты қателеседі деп ескертті. Және ол Таяу Шығыс елдерін экстремизм және терроризммен күреске көбірек күш салуға шақырды. Бахрейндегі Парсы шығанағы елдері жетекшілерінің қауіпсіздік мәселесі жөніндегі халықаралық конференциясына қатысқан Гейтс Таяу шығыс елдерін Ираққа қолдау танытуға және ауғандық қауіпсіздік күштерін қаржыландыруға шақырды.

20-шы қаңтарда АҚШ билігіне президент Барак Обама келгенде де өз қызметінде қалатын Роберт Гейтс, Иранға өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндіретіндей халықаралық қысым жасау қажеттігін айтты.
XS
SM
MD
LG