Accessibility links

Иран АҚШ пен Британияны жауынгерлік топты қолдады деп айыптауда


Техран өздерінде Құрама Штаттар мен Британияның Ирандағы сүннит жауынгерлік тобына қолдау танытып отырғанын дәлелдейтін құжаттар бар екенін айтуда. Елдің мемлекеттік радиосы Иранның сот төрағасының бірінші орынбасары Ебрахим Раисидің сөзін келтіріп, онда аталған екі ел "Жундолла" жауынгерлік тобына қару-жарақ пен ақпарат жеткізіп тұрған деп айтылды. Басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілген жоқ. Ираның айтуынша, бұл өздерін “Алланың әскеріміз” деп атайтын жауынгерлік топ маусым айында өздері басып ұрлап әкеткен 16 полицияны өлтірген. Техран Лондон мен Вашингтонды Ислам Республикасын тұрақсыздандыруға тырысуда деп жиі айыптайды.
XS
SM
MD
LG