Accessibility links

Г.Браун: Британияның Ауғанстанға қолдауы жалғаса береді


Бүгін Британия премьер министрі Гордон Браун өзінің Ауғанстанға күтпеген жерден болған сапарында Британияның Ауғанстанға қолдауы жалғасатын болады деген сөз берді. Ол бұл туралы Ауған президенті Хамид Қарзаймен кездесуден кейін айтты. Браун сонымен қатар алдағы жылы Ауғанстанда өтетін сайлаулар “әділ әрі ашық өту” үшін 10 млн доллар беруге уәде етті. Баспасөз мәслихатында Гордон Браун алдағы жылы Британия Ауғанстанға көбірек әскер жіберуі мүмкін деген. Ол жөнінде алдағы аптада толығырақ мәлімет бере алатынын алға тартты.
XS
SM
MD
LG