Ресей оппозициясы жаңа саяси партия құрды. “Солидарность” деген жаңа саяси партияны оппозициялық саясаткерлер әрі Кремльдің сыншылары Гарри Каспаров пен Борис Немцов құрып отыр. Мәскеу маңында өткен оның құрылтай жиынына, қатарында “Яблоко” партиясының мүшелері де бар 300-ден аса оппозициялық саясаткер қатысты. Бұл партияның мақсаты- елдегі либералды күштерді біріктіру болып отыр.
Парламентте биліктің партиясы басым болып отырғандықтан, Ресей либералдары өздерінің оқшау болып қалғанын айтады.
Оппозициялық жаңа партияның жиыны өтіп жатқанда, сыртта кремльшіл жастардың тобы партияға қарсы шеру өткізді.