Accessibility links

Британия террормен күрес үшін Пәкістанға көмек ұсынды


Бүгін Британия премьер министрі Гордон Браун өз елі Пәкістанға терроризмді құртуға миллиондаған доллар беретінін айтты. Бұл туралы Браун жексенбі күні Исламабадта президент Асиф Али Зардаримен бірге баспасөз мәслихатын өткізгенде хабарлады. Бұл арада Үндістан премьер министрі Манмохан Сингх өзінің Пәкістанмен дұрыс байланыс орнатқысы келетінін айтты. Бірақ ол жақсы қарым-қатынас Пәкістан өз жерінен Үндістанға қарсы әрекеттер жасауға жол беріп келе жатқандықтан болмай жатыр деді. Үндістан Пәкістанда орналасқан исламшыл жауынгерлерді 170 адамның өмірін қиған Мумбай шабуылдарына айыптап келеді.

XS
SM
MD
LG