Accessibility links

Үнді теңізшілері Аден шығанағында 23 қарақшыны ұстады


Үндістан өзінің әскери-теңіз күштері Аден шығанағындағы кемелерді басып алмақшы болған сомалилік және иемендік қарақшыларды ұстағанын хабарлап отыр. Үндістан Қорғаныс министрлігінің айтуынша, олардың күштері сомали текті 12 және 11 иемендік қарақшыны ұстап, олардың қарақшылық кемесіндегі заттар мен қару-жарақты да тәркілеген. Аден шығанағында соңғы кезде Эфиопия кемесі пираттардың шабуылына тап болған соң, Үндістандық әскери кемелер мен оның қарулы тікұшақтары Сомали жағалауын бақылауға алған. Аймақта қарақшылық күшейгеннен бері бірқатар елдің соғыс кемелері де Сомали жағалауын бақылауда ұстап келеді.
XS
SM
MD
LG