Accessibility links

Қырғызстан Азаттық радиосын эфирге шығармай отыр


Қырғызстан билігі Азаттық радиосы қырғыз қызметінің бағдарламаларын алдын ала тексеруді талап етуде. Азаттық хабарлары бұл елде қазан айында әуе толқынынан алынған болатын. Қырғызстанның мемлекеттік радио мен теледидар агенттігінің басшысы Меліс Ешімхановтың мәлімдеуінше, Азаттық бағдарламаларында Қырғыз үкіметі туралы тым көп сыни және теріс хабарлар беріледі. Азаттық радиосын эфирге шығармау жөніндегі шешімнің артында Қырғызстанның ықпалды тұлғалары тұр, дейді Ешімханов. Оның айтуынша, үкімет ресмилерінің Азаттық бағдарламаларын алдын ала тыңдауға мүмкіндігі болмайынша, Азаттық радиосы әуеге шығарылмайды. АҚШ-тың халықаралық телерадиохабарлар таратуын бақылайтын BBG өкілі Джеффри Хиршберг ұсынылып отырған мұндай цензуралық шарттарды қабылдауға болмайды деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG