Accessibility links

Парижде жарылғыш заттар табылды


Франция полициясының хабарлауынша, бүгін Париждің орталығындағы үлкен дүкенде жарылғыш заттар табылған. Көп қабатты бұл ғимараттағы адамдар эвакуацияланған. Полицияның айтуынша, табылған жарылғыш заттардың детонаторы болмаған. Франс Пресс ақпарат агенттігіне жолданған хатта бұрын белгісіз болған Төңкерісшіл ауған майданы атты топ әлгі жарылғыш заттардың қойылғандығы жөнінде ескертіп, Ауғанстандағы Франция күштерін шығаруды талап еткен. Францияның Ауғанстанда шамамен 2 мың 600 сарбазы бар.
XS
SM
MD
LG