Accessibility links

Бушқа аяқ киімін лақтырған журналист жараланған


АҚШ президенті Джордж Бушқа аяқ киімін лақтырған Ирақ журналисінің қолы мен қабырғасы сынған. Бұл жөнінде журналисттің бауыры хабарлап отыр. Жекеменшік Ирақ телеарнасында жұмыс істейтін 29 жастағы журналист Мунтадхир Заиди жексенбі күні АҚШ президентіне аяқ киімін лақтырған кезде Ирақтың қауіпсіздік күштері оны ұрып жыққан болатын. Дургам Заиди өз бауырының нақты неден жараланғандығын айта алмады.
XS
SM
MD
LG