Ол Бағдаттың Жасыл алаңындағы сотқа мықты күзетпен жеткізілді. Ирақта жексенбідегі баспасөз мәслихаты кезінде АҚШ президенті Джордж Бушқа қос аяқ киімін лақтырған болатын. Ирақ заңы бойынша, шетел басшысына шабуылдағаны үшін ол 7 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Аяқкиімін лақтырған журналиске Буш өкпелі емес. Бұл жөнінде Ақ үй өкілі Дана Перино мәлімдеді. Сондықтан журналист Мунтадар әл-Зейдиге қандай жаза қолданылатыны Ирақ билігіне байланысты деген еді ол. Содан бері әл-Бағдади атты телебекет журналисі Ирақ түрмесінде жатыр.