Сыртқа мұнай шығаратын елдер ұйымы министрлерінің басқосуы желтоқсанның 17-де Алжирдің Оран қаласында басталды. Ұйымға мүше 13 мемлекет әлем мұнайының 40 пайызын өндіріп отыр. Олар мұнай өндіруді күн сайын кем дегенде 2 миллион барелге қысқартатындарын осы басқосу барысында мәлімдемекші. Мұның өзі 1982 жылдан бергі ең үлкен қысқарту болмақшы.