Сыртқа газ шығарушы елдер форумы келесі аптада Мәскеуде өтпекші. Ресей энергия министрлігінің айтуынша, желтоқсанның 23-де болатын ол кездесуде жаңа хартияға қол қойылады. Сол арқылы ұйымды жасақтау ойластырылуда. Негізгі газ экспорттаушы Ресей, Иран, Қатар, Венесуэла, Нигерия, Алжир, Мысыр, Индонезия, Ливия елдері 2001 жылдан бері кездесіп келеді. Алайда ұйымның ресми мүшелері мен басшылығы бұған дейін болмаған еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"