ҚазАқпараттың хабарлауынша, Қытай Халық Республикасының пайдалы қазбаларды бағалау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Қазақстанмен шекаралас аумақтағы Жоңғар ойпатында 100 миллиард текшеметр қоры бар табиғи газ кеніші табылғанын қуаттады.
Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі Қарамай қаласынан 250 шақырым жерде орналасқан бұл кеніштегі барлау жұмыстары 2006 жылы басталыпты. Сарапшылардың есебінше бұл кеніштің газ қоры елу жыл бойы табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етуге жететін көрінеді, әзірге бұл кеніштің 10 пайызға жуық бөлігі ғана барланған.