Accessibility links

Пәкістан жетекшісі Ауғанстанға бармақ


Пәкістан президенті Асиф Али Зардари жұма күні Ауғанстанға барып, президент Хамид Қарзаймен келіссөз өткізеді. Кездесу барысында лаңкестікке қарсы күрестегі екі елдің ынтымақтастық мәселесі талқыланбақ. АҚШ жетекшілігіндегі терроризмге қарсы соғыста Вашингтонның одақтастары деп есептелетін Исламабад пен Кабул өздерінің таулы шекараларында Талибан және Әл-Қаида бүлікшілерімен күресіп келеді. Ауған президенті Пәкістанға қыркүйек айында барған болатын.
XS
SM
MD
LG