Accessibility links

Медведев Обамамен тезірек кездесуді қалайды


Ресей президенті Дмитрий Медведев жаңадан сайланған АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуді асыға күтеді. Бұл туралы бүгін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ сенаторы Ричард Лугармен кездесуінен кейін хабарлады.

Лугар ядролық қаруларды азайту жөніндегі болашақ диалогты тездету мәселесін талқылау мақсатында Мәскеуде бірқатар кездесулер өткізуде. Медведев пен Обаманың қайда және қашан кездесуі мүмкін екендігі айтылмады.

Барак Обама алдағы айда ресми түрде өз қызметіне кіріседі деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG