Accessibility links

Ресей мен Никарагуа президенттері Мәскеуде кездесті


Бейсенбі күні Мәскеуде Ресей президенті Дмитрий Медведев Никарагуа президенті Даниэль Ортегамен келіссөз өткізді. Екі жақ ынтымақтастық жөніндегі бірқатар келісімдерге қол қойды.

Өткен айда Латын Америкасына жасаған сапары барысында Медведев Совет Одағы мен Орталық және Латын Америкасы арасында болған ерекше қарым-қатынастарды жаңғыртуды қалайтынын мәлімдеді.

Никарагуа Ресейден кейін Грузияның жікшілдік аймақтарын тәуелсіз мемлекеттер деп мойындаған болатын. Ортега Оңтүстік Оссетия мен Абхазияға “жақын болашақта” баратынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG