Accessibility links

Маңғыстауда көлік апатынан екі адам қаза тапты

Маңғыстау облысында болған көлік апатынан екі адам қаза болып, төрт адам зардап шекті, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Маңғыстау облысы Қарақия ауданында Жаңаөзен-Құланды тас жолының 4-шақырымында «Митсубиси» және «ВАЗ» көліктері соқтығысып, соның салдарынан «ВАЗ» көлігінің жолаушылары: 51 жастағы әйел мен 27 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмған, «Митсубиси» мен «ВАЗ-дың» жүргізушілері және тағы екі жолаушы дене жарақаттарымен ауруханаға түскен.

​
XS
SM
MD
LG