Accessibility links

Киевтің бір көшесі Жамбыл атына ауыстырылды


Қазақстанның Украинадағы елшілігінің ақпаратынша, Киевтің Шевченко ауданындағы Кузьминская көшесі Жамбыл Жабаевтың атына ауыстырылды.

«Украина астанасынан Жамбылдың атына көше берудің бір себебі оның ұлы Алғадайдың Отан соғысы жылдарында Украина аймағындағы соғыста қаза болғаны. Днепропетровск облысының Синельниково қаласында Алғадайға арнап ескерткіш те тұрғызылған. Киевтен қазақ ақынының атына көше беру туралы ұсыныс оң шешімін тапты», — делінген елшіліктің хабарламасында.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG