Бұл жөнінде Ирақтағы сот алқасы бүгін мәлімдеп отыр. Осы істі зерттеумен айналысушы сот Диа әл-Кинани мырза журналист Мунтадир әл-Заидидің беті мен көздерінде жарақат бар екендігін айтты. Сот ресмилері оны соққыға жыққанның кім екенін анықтау үшін бейнетаспаларды зерттейді, деді Кинани. Әл-Заиди жексенбі күнгі баспасөз мәслихатында АҚШ президенті Джордж Бушқа аяқ киімін лақтырғаннан кейін жерге құлатылған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Игорь Семиволоспен сұхбат
"Орталық Азия тақырыбы – Ердоғанның бір көзірі". Түркия халқын сайлаудан кейін не күтіп тұр?
AzattyqTV