Accessibility links

ЕҚЫҰ Грузиядағы миссиясын жалғастыруды көздейді


Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Грузиядағы миссиясының мандатын ұзартуға шақырып отыр. Аталған ұйымның төрағасы Финляндия сыртқы істер министрі Александр Стуббтың мәлімдеуінше, Финляндия ЕҚЫҰ-на мүше елдерге миссия мандатын жалғастыру жөнінде ұсыныс жасаған, бірақ бұл мәселеге байланысты әлі келісім жасалмаған. ЕҚЫҰ-ның 180 қызметкері қазір Грузияда жұмыс атқаруда. Олардың арасында атысты тоқтату келісімінің орындалуын қадағалап жүрген бақылаушылар да бар. Бұл келісім Оңтүстік Оссетияға байланысты тамыз айындағы Ресей-Грузия соғысынан кейін жасалған болатын.
XS
SM
MD
LG