Accessibility links

Ауғанстанға мыңдаған АҚШ сарбазы жіберілмекші


Вашингтон келесі жазға дейін Ауғанстанға 20 мыңнан 30 мыңға шейін қосымша күштерін орналастырмақшы. Бұл туралы Кабулға сапармен барған АҚШ штабтары басшыларының бірлескен комитетінің төрағасы адмирал Майк Муллен хабарлады. Бұдан бұрын АҚШ ресмилері Ауғанстанға қосымша 20 мың сарбаз жіберілмекші деп мәлімдеген болатын. Қазір Ауғанстанда АҚШ-тың шамамен 31 мың сарбазы бар.
XS
SM
MD
LG