Accessibility links

Израиль мен Газаға әуеден соққы берілді


Газадағы Палестина жауынгерлері Израилдің бірнеше қаласына зымырандарын атты. Израиль күштері де оған жауап ретінде әуеден соққы берді. Израилдің құтқару қызметтерінің хабарлауынша, Газадан атылған зымыран Сдерот қаласындағы бір үйге тиген, бірақ ешкім жарақат алмаған. Алайда басқа жердегі ауылға жасалған зымыран шабуылынан бір ферма қызметкері жараланды, деп хабарлайды Израиль әскерилері.

Бұл шабуылдарға байланысты жауапкершілікті палестиналық Ислам жихады тобы өз мойнына алып отыр. Ал Израиль ұшағы Газаның солтүстігіне әуеден соққы берген. Адам шығыны туралы мәлімет келіп түспеді.
XS
SM
MD
LG