Accessibility links

Палестина басшысы Шешенстан президентімен кездесті


Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас Ресейге сапарын Шешенстаннан бастады. Грозный әуе жайында Махмуд Аббасты президент Рамзан Қадыров жетекшілігіндегі Шешенстан басшылығы қарсы алып, Гудермес қаласына алып барған. Азаттық радиосы орыс қызметінің хабарлауынша, Қадыровтың резиденциясында Палестина басшысының құрметіне ас берілген. Махмуд Аббас Грозныйдан кейін Мәскеуге барып, Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездеседі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG