Түркменстанның екі сайлау округында өткен аптада болған парламенттік сайлаулардың екінші айналымы өтеді. Елдің Орталық сайлау комиссиясының айтуынша, бірінші округтағы сайлау желтоқсанның 28-де ұйымдастырылса, ал екінші округтағы сайлау ақпанның 8-де өтеді. Сайлаудың екінші айналымы округтағы кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыздан көп дауыс жинай алмағандықтан, және жеңіске жеткен бір үміткер “отбасындағы себептер” бойынша өз орнынан бас тартып отырғандықтан ұйымдастырылмақшы, дейді ресмилер. Бұл туралы Түркмен Хабарлары ақпарат агенттігі хабарлап отыр.
Желтоқсанның 15-де өткен парламенттік сайлаулардың ресми нәтижесі әлі жарияланбады. Алайда үміткерлердің көбі президент Гұрбангұлы Бердымұхаммедов жетекшілігіндегі Демократиялық партиясынан сайлауға түскен болатын.