Accessibility links

Ресей полициясы Владивостокта шерушілерді ұстады


Жексенбі күні Ресейдің Владивосток қаласында полиция экономикалық қиындықтарға наразылық танытпақшы болған бірқатар шерушілерді тұтқындады. Жергілікті халық негізінен Жапониядан импортталатын пайдаланыста болған машиналарға қатысты тарифтердің үкімет тарапынан өсірілуіне наразылық білдіріп отыр. Машина саудасымен айналысатын компаниялардың айтуынша, олардың бизнестері жаңа тарифтердің кесірінен сәтсіздікке ұшырайды. Бірнеше жерде зорлық-зомбылық әрекеттері болып, полиция наразылық танытушыларды соққыға жықты деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG