Accessibility links

Иран билігі Нобель сыйлығы лауреатының кеңсесін жапты


Жексенбі күні Иран полициясы Нобель сыйлығы иегері Ширин Ебади жетекшілігіндегі адам құқықтары тобының кеңсесін жауып тастады. Аталған топтың басшысының орынбасары Наргес Мохаммадидің айтуынша, полиция құқық қорғаушыларды кеңсесінен шығарып жіберген. Теһранның солтүстік-батысында орналасқан топ кеңсесінің алдында ондаған полиция қызметкері жиналған еді, деп хабарлайды Ебади. Аталған топ Ирандағы адам құқықтары жағдайын сынап келетін.
XS
SM
MD
LG