Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаментінен 13-желтоқсанда Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына төрт жасар баланың жатқызылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Облыстық дәрігерлер консилиумы 14-желтоқсанда балаға «құтыру» деген диагноз қойды, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, қарқынды емдеуге қарамастан, «құтыру» диагнозы анықталған бала қайтыс болды. Баламен қарым-қатынаста болған 6 адам дәрігердің бақылауына алынды.
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, қарқынды емдеуге қарамастан, «құтыру» диагнозы анықталған бала қайтыс болды. Баламен қарым-қатынаста болған 6 адам дәрігердің бақылауына алынды.