ІЕА тәуелсіз халықаралық агенттігі жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, әлемнің 37 елінің 425 мың оқушысы арасынан қазақстандық оқушылар білімдері бойынша жалпы топтық есепте сегізінші орын иеленді, — деп мәлім етті ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.
«ІЕА агенттігі әр төрт жыл сайын 4 және 8-сынып оқушыларының математика, жаратылыстану пәндерінен білім деңгейлерін саралайды. Биыл Қазақстан оқушылары математикадан 5-орын, жаратылыстанудан 11-орын, жалпы топтық ұпай саны бойынша 8- орынға табан тіреді. Нәтижелердің қорытындысы халықаралық баспасөз беттерінде жариялануда», — деді министр.