Accessibility links

Жатақхана тұрғындары жолды жаппақ болды


Алматыдағы бұрынғы №1 автопарктың қарамағанда болған екі жатақхананың тұрғындары өздерінің проблемасына қоғамның назарын бұру мақсатында бүгін таңертең Райымбек көшесіндегі автокөлік қозғалысын бөгемек болды. Бірақ, полиция қызметкерлері наразы топты жолға жібермей қойды.
Соңғы 6 жылда бірнеше қожайын ауыстырған бұл жатақханалардың қазіргі иесі «Файнекс корпорейшен ЛТД» компаниясы тұрғындармен бір жылдан бері соттасып жатыр. Компания оларды жатақханадан шығарғысы келеді. Ал тұрғындар болса өздерінің барар жері жоғын айтып, жатақхананы өз меншіктеріне немесе соған сәйкес басқа баспана беруді талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG