Accessibility links

Ресей: Грузия соғысында шетел әскерилері болған


Ресей тергеушілерінің айтуынша, тамыз айындағы Ресей-Грузия қақтығысында Грузия жағында шетел жауынгерлері соғысқан. Ресей бас прокуратурасының тергеушісі Александр Бастрыкин бүгін Мәскеуде баспасөз маслихатын өткізіп, шетелдік әскерилердің арасында АҚШ, Украина, Чехия және Түркия азаматтары болған деп мәлімдеді. Ресей ресмилері АҚШ пен Украинаны Оңтүстік Осетияға қатысты орын алған әлгі соғыс барысында Грузияға сарбаздарын жіберді деп айыптаған болатын. Екі ел бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG