Accessibility links

Мәскеу арзан газ болмайды дейді


Ресей премьер-министрі Владимир Путин өндіріс шығындары өсіп жатқандықтан “арзан газ дәуірі” аяқталады деп ескертті. Бұл туралы ол бүгін Газ экспорттаушы елдердің министрлерінің Мәскеудегі жиынында айтты. Олар жаңадан құрылып жатқан Газ экспорттаушы елдер форумының ережелерін қорытындыламақшы. Аталған форумға әлемнің ең ірі газ өндірушісі Ресеймен қоса, Иран, Қатар, Венесуэла, Алжир, Ливия, Мысыр және Нигерия елдері мүше болмақшы.
XS
SM
MD
LG