Accessibility links

Әлем елдерінің экономикасы нашарлауда


Әлемнің жетекші елдерінің экономикалық жағдайының одан сайын нашарлап бара жатқаны байқалуда. Бүгін жарияланған көрсеткіштерге сәйкес, шілде мен қыркүйек айлары арасында Британия экономикасының өсуі баяулаған, бұл елдің ішкі жалпы өнімі 0.6 пайызға қысқарған. Ал Испанияның экономикасы соңғы 15 жылда алғашқы рет рецессияға тап болып отыр. Бұл туралы Испания бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. Таяу арада АҚШ-тың экономикалық көрсеткіштері жарияланады деп күтілуде. Бұл елдің де ішкі жалпы өнімі үшінші тоқсанда азайған көрінеді.
XS
SM
MD
LG