Accessibility links

Ирақ парламенті шетел күштеріне қатысты қарарды мақұлдады


Ирақ заңшығарушылары 5 мыңнан астам Британия күштерінің және АҚШ-тан басқа шетел әскерилерінің Ирақта одан әрі қала берулеріне мұрсат ететін резолюцияны мақұлдады. Шетел күштеріне қатысты БҰҰ мандатының мерзімі желтоқсанның 31-де аяқталуы тиіс болатын. Бұдан бұрын АҚШ әскерилерінің Ирақта 2011 жылға дейін қала беруіне рұқсат етілді.

Сейсенбі күні Ирақ парламенті спикері Махмуд Машхадани “халық мүддесі” үшін қызметінен кететінін мәлімдеді. Осыдан кейін әлгі қарар дауысқа салынды.
XS
SM
MD
LG