Accessibility links

Қазақстан ФСЭГ бақылаушысы мәртебесін алды


«Қазақстан Бүгін» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, газ экспорттаушы мемлекеттер форумының (ФСЭГ) екінші отырысында Қазақстан мемлекеті аталған форумның бақылаушысы мәртебесін иеленді.
Газ экспорттаушы мемлекеттер форумының алғашқы отырысы 2001 жылы Теһеранда өткен. Аталған форумға бұған дейін тұрақты түрде бақылаушы болған елдер арасында Алжир, Боливия, Бруней, Венесуэла, Египет, Индонезия, Иран, Катар, Ливия, Малайзия, Нигерия, Норвегия бар. Форумға қатысушы мемлекеттер әлем бойынша өндірілетін газдың 40 пайызына және газдың әлемдік қорының 70 пайызына ие.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG