Борис Тадич бүгін басталған сапарында ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен энергия мәселесіне байланысты келісімге қол қояды. Ол бойынша, Сербия Ресей Газпромына NIS мұнай компаниясының 51 пайыздық бөлігін 560 миллион долларға сатпақшы. Бұл тым арзан сауда болды және газ құбырының оңтүстік тармағы Сербия арқылы өтетініне ешқандай кепілдік жоқ деп Сербия экономика министрі Младиан Динкич наразылық танытуда.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?