Accessibility links

АҚШ-та жұмыссыздық көбеюде


Құрама Штаттар үкіметінің айтуынша, өткен аптада ел бойынша жұмыссыздықтары үшін өтемақы сұраған адамдар саны күткендегіден де көп болып шыққан. Еңбек департаментінің айтуынша, 20 желтоқсанға дейінгі бір аптада сондай арыз берушілер саны 586 мыңға жеткен екен. Экономика мамандары ол көрсеткіш 560 мың болады деп күткен еді. Оның алдындағы аптада ол көрсеткіш 556 мың деңгейінде болған.
XS
SM
MD
LG